Маңғыстауда жұма намазды мешітте оқуға рұқсат берілді

Dalanews 04 нау. 2021 14:29 882

Бүгін Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов өңірде жұма намазын өткізуге рұқсат берілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

– Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 24 ақпандағы шешіміне сәйкес 1-наурызынан  бастап эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл аймағында» 7 күн бойы орналасқан өңірлерде бір адамға 4 шаршы метр есебімен толымдылығы 30%-ға дейін жұма намазын өткізуге рұқсат берілді, – деді Мақсатбек Маханбетов.

Дегенмен бұл босаңсуға боламайды. Жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілерге қойылатын өзіндік талаптары бар. Атап айтсақ мешітке міндетті түрде бетперде тағып кіру, мешіт кіреберісінде арнайы антисептик заттарды пайдалану, дәретті барынша үйден алып келу, мешіт ішінде белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау, намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу, мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау, дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі керек.

Өз кезегінде Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов: «Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс» деп ойын ашып айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар