Маңғыстауда 8 қытайға мұнай компанияларында жұмыс істеуге рұқсат берген шенді қамауға алынды

Кәмшат Тілеухан 19 нау. 2025 15:54 719

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құзырлы мекеменің лауазымды тұлғасы аймақтағы мұнай компанияларында Қытай Халық Республикасының сегіз азаматына жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін жалпы сомасы 3,6 млн теңге пара алды деп күдікке ілінген.

"Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді Данияр Биғайдаров.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар