Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы тамақтан уланды

Қаракөз Амантай 07 қыр. 2024 17:43

Балалар іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.

"Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар