Оның айтуынша студенттердің жатақханаға деген сұранысына сәйкес алдағы төрт жылда 4 жатақхананың құрылысын жүзеге асыру жоспарланған.
– Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында 4 жатақхананың құрылысын салу жоспарда. Оның ішінде 2023 жылы Ақтау қаласынан – 1, 2022-2023 жыл аралығында Түпқарағаннан – 1, 2023 жылы Қарақия ауданынан – 1 және 2025 жылы Маңғыстау ауданынан – 1 жатақхана салынады. Нақты тоқталсақ жастар қанаты өңірдегі 7 – студенттік жатақханаға тұрақты түрде мониторинг жүмысын жүргізіп келеді. Оған облыс, қала, аудан бойынша сайланған мәслихат депутаттары, жастар қанатының белсенді жастары қатысады. Анықталған кемшіліктер бойынша аналитикалық анықтама дайындалып, оқу орындарына жібереледі. Бүгінде облыс бойынша жастар қанатының құрамында – 2609 жас бар. Басым көпшілігі өңірдегі арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, қала мен ауданағы жастар қанатының белсенді жастары, – деді Наурызбек Мағдатов.
Сонымен қатар баспасөз орталығында өткен брифингке МО Ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Ерболат Сүлейменов қатысты. Айтуынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 117 адам оқытылып, өз ісін бастауға 57 жас грант және 14 тұрғын шағын несие алды.
– Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған» бағдарламасы аясында 3829 жас жұмысқа орналастырылды. Жалпы өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар орталықтарымен және жастар ұйымдарымен 200-ге жуық шара ұйымдастырылып, 2000-ға жуық жас қамтылды. Шаралар «Болашаққа сеніммен», «Кеңес алаңы», «Jastar Books», «Кәсіби бағдар», еркін форматтағы жастармен кездесу «Лекториум» жобалары аясында жүзеге асырылуда. Жобалардың басым бағыты NEET санатындағы жастарға бағытталған. Сонымен қатар, «JASTAR ONLINE» мектебі жобасы іске қосылды. Аталған онлайн мектеп аясында жастар мобилография, сайт жасау, өнім сату, әлеуметтік желінің қыр-сыры тақырыптары бойынша 100 маңғыстаулық жас тегін дәріс алды, – деді Ерболат Сүлейменов.