Freedom Inside '26

Маңғыстауда 10 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып, қаза тапты

Маңғыстауда 10 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып, қаза тапты
pixabay.com

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында болған. Ақтаудан елді мекенге кіріп келе жатқан нөмірі 105-қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы қызды қағып кеткен,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Қыз бала алған ауыр жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды.

"Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады аймақ полициясы.