Маңғыстау облысында ауған текті апиын жеткізу арнасы әшкере болды

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2026 11:14

Маңғыстау облысында апиын жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұзақ уақыт жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткіні жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді.

Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын - осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.

"Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove