Freedom Inside '26

Мамырда 83 жемқорлық дерегі тіркелді: басым бөлігі пара алу мен алаяқтыққа қатысты

Мамырда 83 жемқорлық дерегі тіркелді: басым бөлігі пара алу мен алаяқтыққа қатысты
gov.kz

ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мамырда 83 жемқорлық дерегін тіркеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, анықталған құқықбұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, алаяқтық және бөтен мүлікті иемдену деректеріне қатысты.

Тергеу барысында 45 адам күдікті ретінде танылған. Сонымен қатар, 85 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 66-сы сот қарауына жолданған.

Аяқталған істер бойынша келтірілген шығын көлемі - 1,5 млрд теңге. Мемлекет кірісіне 835,3 млн теңге өндіріліп, құны 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынған.