"Оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамсыз ету бойынша ұйымдастыру шараларын тездетіп шешу керек. Осыған орай, білім және ғылым министрлігіне, денсаулық сақтау министрлігіне, өңірлердің әкімдіктеріне тапсырма береміз.
Біріншіден, жаңа оқу жылында мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу штаттық режимде ұйымдастырылсын.
Екіншіден, осы жылдың 25-ші тамызына дейін медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардан басқа ұстаздар мен техникалық персонал вакциналаумен 100 процентке қамтамасыз етілсін", - деп атап көрсетті Мамин.
Бұдан бөлек, премьер-министр 20 тамызға дейін мектептерді санитарлық талаптарға сай жасақтауды тапсырды. Ұстаздар, қызметкерлер мен ата-аналар мектепке Ashyq жүйесі арқылы кіреді.
2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады.
Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды.
Премьер-Министр 25 тамызға қарай барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелердің шешімін табуды тапсырды.
https://dalanews.kz/del-qazir/66392-1-qyrkuyek-mektepterge-qoyylatyn-zhanga?fbclid=IwAR2mYYtGoVCq3OuCYuk_SDqmV63N4GXFu9Xlwnw8aGpnvNkDMSkusb8z3RA