Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада туған.
Білімі: 1997 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1999 ж. - Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 2012-2013 жж. - «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры, «Самрұк- Қазына» ҰӘҚ.
- 2013-2016 жж. -«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2016 жылдың қаңтары – 2019 қаңтары аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 2019 жылдың қаңтар-сәуірі - Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
- 2019 жылдың 4 сәуірінен - «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарма төрағасы.
Бұған дейін Dalanews.kz президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатқанын хабарлаған.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтты.
"Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтып жатыр. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін. Дегенмен бұл мәселенің бір жағы ғана. Ең бастысы осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді", - деп атап өтті президент.