Жалпы заңгер мамандығын ең әмбебап мамандықтардың қатарына жатқызуға болады деп санаймын.
Заңгер маманы- заман талабына сай сұраныстағы мамандық болғандықтан, өркениетті мемлекетте заңгердің маңызды әлеуметтік рөлі оған жоғары кәсіби және моральдық-этикалық талаптар қояды. Осы жоғары талаптарға жауап беру үшін, заң саласында қызмет атқаратын әрбір адам өзінің жалпы мәдени және кәсіби деңгейін үнемі арттыруы тиіс.
Білікті заңгер болу үшін көп білу керек, кең білімі мен құқықтық жұмыс тәжірибесі болуы керек. Дегенмен,кәсіби қызметінің сипатына байланысты заңгер заң білімі ғана емес, сонымен қатар жоғары құқықтық мәдениетке, кәсіби этика мен эстетиканы ұстануы шарт.Әр мамандықта өзінің адамгершілік мәселелері бар.
Адамгершілік мәдениеті-ең алдымен адамдармен тұрақты немесе тіпті үздіксіз қарым-қатынаста болатын мамандықтарда сақталуы керек.Заң саласында қызмет атқаратын маманның сөйлеу мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы да кәсіби талап.Заңгердің білім деңгейі ғана емес,сөйлеу мәдениеті де маңызды рөл атқарады.Заңгер тарапынан сөздік нормаларды бұзу,кәсіби этика мен мәдениетті сақтамау тыңдаушылар арасында оның кәсіби деңгейіне сенімсіздік тудырады.
Заңгер мамандығы – бүкіл өміріңді арнап және өз таңдауыңды мақтан етерлік, қиын әрі күрделі, алайда өте қызықты және мәртебелі мамандық. Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды. Заңгер мамандығының тағы бір жақсы жері – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әруақыт қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады.Болашақ заң маманын дайындауда қара шаңырақ ҚазҰУ-ға тең келері жоқ. Себебі,заң саласы адам өміріне жауапты болар мамандықтың бірі әрі бірегейі. Шынайы және әділетті шешімдер қабылдауға,тәртіп орнатуға,адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты тұлғамыз, Ата заңымыз алдында жауапкершілікті сезінеміз.
Бисенова М.Қ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы
Абдыкен Құралай
Заң факультетінің магистранты