Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Dalanews 20 қар. 2018 08:00 791

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Отарбаев Мәлік Нұржанұлы тағайындалды.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туылған.

Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

2003 - 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

Қазақ әдебиетін шетел­дерде насихаттауды шығарма­шылығына берік ұстаным кеткен Мәлік Отарбаев бү­гінде еліміз ғана емес түркі дүниесіне белгілі қаламгер. 


Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.

2014-2016 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі. 2016 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарады. Алғашқы кітабы – «Ойқазан» атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді. 2017 жылы «Баянды бақ» атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М.Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды

Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш калемлер» журналына Сүйінбай, Жамбыл, Б.Соқпақбаев, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Н.Оразалин, Р.Отарбаев сынды қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтары жөнінде материалдарды жинақтап, түрік тілінде жариялатқан.   Түрік тілінде жазған көркем әңгімелері шетелдік және республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді. Әзербайжан, орыс, қырғыз тілдеріне аударылды.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар