Малайзия Қазақстанның ҰБТ сертификатын ресми түрде мойындады

Малайзия Қазақстанның ҰБТ сертификатын ресми түрде мойындады
ашық дереккөз

Енді қазақстандық түлектер Малайзия университеттеріне ҰБТ сертификаты арқылы түсе алады. Малайзияның Жоғары білім министрлігі қазақстандық тестті ресми түрде мойындап, оны бакалавриатқа қабылдау құжаттарының қатарына енгізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Осылайша талапкерлерге енді барлық жағдайда Foundation бағдарламасынан өту міндетті болмайды. Дегенмен әр университет өту балы мен қосымша талаптарды өздері белгілейді.

Ал ағылшын тілінде оқытатын бағдарламаларға түсу үшін бұрынғыдай IELTS, TOEFL немесе соған тең халықаралық сертификаттар қажет. Кейбір оқу орындары талапкерлерден сұхбат, ішкі емтихан немесе портфолио сұрауы мүмкін.