Мәжіліс Салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжат бойынша Мәжіліс отырысында жалғыз ғана депутат – жұмыс тобының жетекшісі Берік Бейсенғалиев сөз сөйледі.
«Қаржы және бюджет комитеті Салық кодексі жобасы мен оған қатысты "Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдауды мүмкін деп санайды», – деді Бейсенғалиев.
Оның баяндамасынан кейін депутаттар бірден дауыс беруге кірісті. Нәтижесінде:
Салық кодексін қабылдауға 88 депутаттың 76-сы дауыс берді,
8-і қарсы, 4-і қалыс қалды;
Заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша 87 депутаттың 76-сы қолдады,
7-і қарсы, 4-і қалыс қалды.