Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Еске салайық,бұған дейін мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметі пайда болатынын мәлімдеген еді.
Президенттің айтуынша, отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында жұмыс істейді. Ол комиссия төрағасының орынбасары ретінде қызмет атқарып, өз жұмысы туралы президентке тұрақты түрде есеп беріп отырады.
