2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Республикалық комиссия құрамына министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және қоғамдық ұйым өкілдері енген.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл былтырмен салыстырғанда 3 мыңға артық.
Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары:
- "Педагогикалық ғылымдар",
- "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар",
- "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары".
Грант тағайындау конкурсының нәтижесі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал оқуға қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.