Магистратура бойынша грант нәтижесі қашан жарияланады?

Магистратура бойынша грант нәтижесі қашан жарияланады?
gov.kz

2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Биыл 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

Үміткерлер арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", сондай-ақ, "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болған.

Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамызда сағат 15:00-де жарияланады.

Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.