Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасынан және министрліктің ресми сайттарынан біле аласыздар.