– Өмірімде болып жатқан жаңалықтың бірі – жақында үш бөлмелі пәтер алдым. Қазір қоныс аударып, үйімді жайғастырып жатырмын. Алматының жоғары жағында орналасқан, әдемі үй. Ертегі жазатын жазушы Райхан Аманиядан сатып алдым. Ол кісінің үйі сондай шығармашылыққа толы. Әрбір деталь, ванна, гардероб бәрі – бәрі өзінше ерекше.
Сол үйді көрдім, одан кейін мүлдем ешқандай пәтер қараған жоқпын. Бұл менің алғашқы және соңғы қараған пәтерім. Үйдің аурасы құдды ертегіге кіргендей әсер қалдырады, сол себепті үйді ойланбастан сатып алдық. Қазір қонақ күтіп жатырмын. Қоныс той бар, туған күнімді де тойладым. Сәкен Майғазиев және Мақпал Исабековамен көршімін. Шыны керек, ол жерде ішім пыспайды. Балам тіптін мәз. Құдай қаласа, сол үйде бақытты ғұмыр кешуге дайындалып жатырмыз.
"Құпия болмаса үйіңізді қаншаға сатып алдыңыз?", – деген сұраққа ол:
– Арзан үй емес. Ең бастысы – маған мотивация беретіндей шығармашылыққа толы үй. Тіпті саудаласқан да жоқпыз. Екі жақтың да көңілінен шығатындай баға болды. Жеке шығармашылыққа келетін болсақ, әнші үшін шығармашылық дегеніміз – ән. Қазір көптеген композиторларға тапсырыс бердім.
Шығармашылығыма басқа деммен, жаңа энергиямен дайындалып келдім. Айри деген жас әншімен дуэт орындаймын. Бұйырс, тыңдармандарымды қуантамын. Жақында менің жеке сайтым ашылады. Онда барша тыңдармандарыммен, жанкүйерлеріммен кездесемін. Сұрақтарына жауап беремін. Барша әндерім сол сайтта болады, – деді.