Freedom Inside '26

Лондонда қаумалаған көп жанкүйерден Димаш көліктің төбесіне шығып алған

Лондонда қаумалаған көп жанкүйерден Димаш көліктің төбесіне шығып алған
видео кадры

Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті аншлагпен өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шоу аяқталғаннан кейін жанкүйерлер әншіні қоршап алып, оған көліктің үстіне шығуға тура келген.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Димаштың көліктен түсіп, жанкүйерлермен амандасып, автограф беріп, бірге суретке түскені көрінеді.

Осы сәтте жиналғандар оның "Ұмытылмас күн" әнін бірге шырқаған.