"Ломбард Ак Барыс" микроқаржылық ұйымы лицензиясынан айырылды

Кәмшат Тілеухан 20 қар. 2024 09:33 0

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ломбард Ак Барыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 19.11.2024 жылғы № 112 бұйрығына сәйкес "Ломбард Ак Барыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды", делінген ҚНРДА хабарламасында.

Лицензиядан айыру үшін "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2-тармақшаларына сәйкес мыналар негіз болды:

 
  • қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
  • -уәкілетті органның жазбаша нұсқауларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау.
"Ломбард лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды", делінген ҚНРДА хабарламасында.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбард клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Ломбард алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар