Осы ретте білім ошағының бой көтеруіне Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, қоғам қайраткерi, Almaty Management University негiзiн қалаушы Асылбек Қожахметов жүзеге асырғанын айта кетуіміз керек.
Бұл нысан бұрынғы Айыртау ауылшаруашылық колледжiнiң базасында орналасқан. Инвестор ғимаратты қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзген.
Колледждің ғимаратына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізіп, білім ордасын қахетті материалдық-техникалық базаны жабдықтауға 405 миллион теңге инвестиция тартылғанын айта кетуіміз керек.
Бүгiнде колледж қабырғасында 28 адам еңбек етедi, штатты 70-ке дейiн көбейту жоспарда бар.
Колледжде студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Студенттер жатақханасы толықтай күрделi жөндеуден өткен. Алдағы уақытта қосымша корпус пен қызметкерлерге арналған жатақхана жөнделмек.
– Колледжге 100 мемлекеттiк грант бөлiнген. Лобаново ауылына жергiлiктi балалардан бөлек 5 облыстан студенттер де келiп бiлiм алуда. Контингент 500 студентке дейiн кеңейтiледi. Колледждiң ашылуы аймақты менеджмент және туризм саласының мамандарымен қамтамасыз етедi. Айыртау ауданында курорттық аймақ бар екенiн ескерсек, колледж студенттерi тәжiрибелерiн «Имантау» демалыс орындарында өтедi, – деді облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.