Леңгірдегі жантүршігерлік жағдай: полиция күдіктілерді іздеп жатыр

Леңгірдегі жантүршігерлік жағдай: полиция күдіктілерді іздеп жатыр
видео кадры

Түркістан облысының Леңгір қаласындағы шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Алдын ала мәлімет бойынша түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазір әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.