Киіз үй ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

Қаракөз Амантай 11 жел. 2025 13:15

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан (Қарақалпақстан) халықтарының киіз үй жасау дәстүрі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасына ресми түрде енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл дәстүр ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің символы ретінде шеберден шәкіртке беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Номинация алғаш рет 2014 жылы ұсынылған, кейін үш ел бірігіп оны кеңейтіп, қорғауға қол жеткізді. Биыл комитет 68 номинацияны қарастырған, ал халықаралық тізімде 153 елден 812 мәдени элемент бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар