КВН аңызы Александр Масляковтың неден қайтыс болғаны анықталды

Көркем Алдабергенова 09 қыр. 2024 09:31 3767

8 қыркүйекте КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков қайтыс болды. Ол өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

SHOT Telegram арнасының мәліметінше, Масляковтың ауруы тым асқынып кеткен. Операция жасау мүмкін емес болған. Дәрігерлер сегіз ай бұрын туыстарына емдеудің енді көмектеспейтінін айтқан.

Соңғы алты айда Масляковтың жағдайы өте нашар болғаны, әрең сөйлейтіні, тыныс алуы қиындағаны туралы айтылды.

"Жағдай covid-тен кейін қиындай түсті, ол коронавируспен екі рет ауырған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Масляков КВН ойындарын 1964 жылдан бастап басқарған. Танымал тележүргізуші 8 қыркүйекте 83 жасында өмірден өтті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар