4, 5 және 6 қарашада Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен және бүкіл Қазақстан бойынша серіктестердің дүкендерінен тиімді сатып алыңыз.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
– Біз сүйікті клиенттерімізді тиімді зат сатып алу мерекесі – Kaspi Жұмаға қайта шақырамыз! Жазда өткізген мерекеміз біз ойлағаннан асып түсті. Күзгі Kaspi Жұмаға одан да жақсы дайындалдық! Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде қазірдің өзінде 2,5 миллион клиентіміздің тиімді сатып алуына, ал серіктестеріміздің керемет сауда жасауына тілектеспіз! – деді.
Kaspi Жұмаға: Adidas, Euromebel, Glasman, Kimex, Lucente, Marwin, Mon Amie, Sulpak, Zeta, «12 месяцев», Қазақювелир, Комфорт, «Мечта» сияқты белгілі брендтер және басқасы қатысады.
Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен және қалаңыздың үздік дүкендерінен жиһаз, үйге қажет тауар, электроника, зергерлік бұйымдар, көлік тауары, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған тауар, киім мен аяқкиім, балалар тауарлары мен тағы басқасын сатып алыңыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қуаныш сыйлаңыз!