Әсіресе биология, химия, физика пәндеріне арналған сыныптар мен зертханаларда зеррттеу жұмыстарына арналған құралдар орнатылған. Сондай-ақ, интерактивті тақта және компьютер сыныбымен жабдықталған мектептің құрылысына 240 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Үшбұлақ ауданының тұрғындарын мерекесімен құттықтаған ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мектеп ұжымына тілегін білдірді.
Айта кетсек, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстанда 170 білім, соның ішінде 138 мектеп пен 32 балабақша мекемелері ашылған.