Қазақ балуаны мен дзюдошысы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Моңғолиядағы этникалық қазақ Қазыбек Елк 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алды. 25 жастағы спортшы 66 келіге дейінгі салмақта финалда Өзбекстан өкілі Абдурахим Нутфуллоевпен белдесіп, қарсыласын ұстап тұру әдісімен жеңді.
Айтжан Халмаханов. Сурет: sportilinet.kz
Сонымен қатар, Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Өзбекстанның күрес құрамасы сапындағы этникалық қазақ Айтжан Халмаханов та чемпион атанды.
67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда жапониялық Кетаро Согабені 3:2 есебімен жеңді.