КТК-дағы шектеулер: Теңіздегі мұнай өндіру айтарлықтай қысқарды

Қаракөз Амантай 04 нау. 2026 09:27

Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесіндегі шектеулерге байланысты айтарлықтай қысқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Reuters агенттігіне мәлімдеуінше, 1 наурыз күні Теңіздегі тәуліктік мұнай өндірісі ақпан айындағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 30 пайыз төмендеген. Нәтижесінде өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 590 мың баррельден 415 мың баррельге дейін азайған.

Never.Aqsha дереккөзінің айтуынша, мұндай төмендеуге Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тапсырудағы шектеулер себеп болған.

"Айта кетейік, Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80 пайыздан астамы дәл осы КТК жүйесі арқылы сыртқы нарыққа шығарылады", - дейді дереккөз.

Сондай-ақ дереккөздер Новороссийск маңындағы Южная Озереевкадағы КТК терминалының жұмысына соңғы апталарда бірнеше фактор әсер еткенін айтады. Атап айтқанда, қолайсыз ауа райы, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының ықтимал шабуылы туралы жиі жарияланатын дабылдар танкерлердің айлаққа жақындауын, инфрақұрылымды тексеру мен мұнай тиеу процесін қиындатып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove