Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залындағы теракт кезінде қаза тапқандар саны 115-ке жетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.
Теракт болған оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қаза тапқан адамдардың денесі табылған.
Осылайша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Сонымен қатар, Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан ондаған адамның тізімін жариялады.
Айта кетейік, 23 наурызға қараған кеште Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залында террористік акт болды. Кейіннен лаңкестік әрекеттер жасады деген күдіктілердің екеуі ұсталды. Тағы төртеуін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.