«Кремльдің бопсасына көнбейміз!». Ұлыбритания министрі Ресейге салынған санкциялар алынбайтынын айтты

Dalanews 26 мам. 2022 02:41 930

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Қара теңіз дәлізі арқылы Украина астығын экспорттауға мүмкіндік туғызыу үшін Ресейге салынған санкциядан бас тарту идеясын қолдамайтынын ашып айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бен Уоллес бұл жайындағы ойын Исапния астанасы Мадрид қаласына барған жұмыс сапарында мәлімдеді.

– Кремльдің астық экспортын алға тартып, бізді бопсалауына жол бермейміз! Егер Ресей Украина астығына мұқтаж елдердің қамын шынмен де ойласа, астық экспортын ұйымдастыру үшін гуманитарлық дәліз ашуына болады. Бұл жерде санкцияны араластырудың қажеті жоқ, – деп Бен Уоллес кесіп айтты.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Батыс елдері Ресейге салынған санкцияларды алып тастаса, кемелердің астық терминалдарына келіп, азық-түлік тасымалын қайта жаңғыртуына кедергі келтірмейтінін айтқан еді.


Бүгінде санкция Кремльдің экспорты мен қаржы саласына ауыр соқы болып тиіп отыр. Сондықтан олар санкциядан шығудың амалын қарастыра бастағандай...

– Үш ай бойы Кремльдің пропагндисттері санкция Ресей экономикасы үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтып, сайрап келіп еді. Ал енді Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Украинаның порттарына қарай жол ашуға дайын екенін айта бастады. Демек Батыстың салған санкциялары Ресейдің жанды жеріне тие бастады. Путин билігі санкцияны алады деп дәмеленбей-ақ қойсын. Алдағы уақытта санкция Ресей экономикасын буындыра беретін болады, – деді Украина президетінің кеңесшісі Михаил Подоляк.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар