Кремль насихатшыларының қуыршағы: Сәтпаев Канделакиге жауап берді

Dalanews 19 қаң. 2024 05:31 1181

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілі “ығысып жатыр” деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz


Сәтпаев Тина Канделакиді “Кремльдік насихатшылар театрындағы қуыршақтың бірі” екенін мәлімдеді. Саясаттанушының айтуынша, ол “басқалар секілді Ресей билігінің ойы мен пікірін жеткізетін БАҚ қуыршағы”.


“2014 жылдан кейін және 2022 жылға дейін олар Қазақстанға бағытталған арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерді жолдап келеді. Ал бұл Украинадан кейінгі нысана Қазақстан болады деген мақсатпен жүргізген ақпараттық соғыстың бір бөлігі. 2022 жылдан бастап орыс орағы украиндық тасты тапқаннан бері Қазақстан Кремль үшін “сұр импортта” әрі санкцияларды айналып өтуде басқатырғыш ретінде маңыздылыққа ие болды. Біздің ЕАЭО және ҰҚШҰ-да болуымыз Ресейдің Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігіне үнемі күмән келтіруіне алып келеді. Сонымен қатар еліміз Ресейдің санкциялық экономикасының қосымшасы әрі қауіпсіздік саласында Ресейге тәуелді мемлекет ретінде қарастыратын ресейлік үгіт-насихатқа да түрткі болады”, - дейді Сәтпаев.


Сәтпаев Қазақстандағы ұлттық сананың өсуіне байланысты Ресей билігі тарапынан “жүйке реакциясы” бар екенін айтты.


Бір күн бұрын Мәжіліс депутаттары ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілінің ығысуына қатысты мәлімдемесіне мемлекеттік деңгейде жауап берді.


Еске салайық, бұған дейін тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстан “орыс тілін мемлекеттік деңгейде баяу, бірақ сенімді түрде ығыстырып жатыр” деп мәлімдеген болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар