"ҚазТрансОйл" мәліметінше, Қазақстан КҚК нысандарына жасалған шабуылдан кейін Қашағаннан Қытайға бағытталған мұнай көлемі артты. Жеткізілім 72 мың тоннаға көбейді. Оқиға экспортты толық тоқтатқан жоқ, ал Энергетика министрлігі мен тасымалдаушылар ағындарды жедел қайта бөлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
КҚК жүйесіндегі мұнайдың бір бөлігі Самара, Қытайға және Баку – Тбилиси – Джейхан маршруты бойынша жөнелтілді. Сондай-ақ, компания өндірушілерге шикізатты уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынды. Желтоқсанда экспорт көлемдері бастапқы Энергетика министрлігі жоспарын арттырып шықты:
• Атырау – Самара: +232 мың тонна
• Қытай: +72 мың тонна
• Ақтау порты (БТД): +58 мың тонна
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев КТК-ға келген зақымдану мәселесін Венадағы кездесуде украиналық тараппен талқылағанын айтты. Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов шабуылдан шамамен 480 мың тонна мұнай жоғалғанын, бірақ 2025 жылғы жылдық өндіру жоспары сақталатынын мәлімдеді. Жеткізілімдер жоспарланған 72 млн тоннаға қарағанда шамамен 68 млн тоннаға жетуі мүмкін, ал баррель бағасы 50-55 доллар болған жағдайда, жоғалған мұнайдың жалпы құны 1,5-1,6 млрд доллар шамасында болуы ықтимал.