Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай өндіру және экспорттау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Вице-министр Санжар Жаркешовтің айтуынша, жуырдағы Украина тарапынан жасалған шабуыл салдарынан мұнай шығыны тіркелмеген.
Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі «Теңізшевройл» секілді америкалық қатысуы бар нысандардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер құпия күйінде қалып отыр.
Жаркешов консорциум мен Қазақстан тарапы құбырдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.
