КҚК бір апталық үзілістен кейін мұнай тиеуді қайта бастайды

КҚК бір апталық үзілістен кейін мұнай тиеуді қайта бастайды
ЖИ: dalanews

Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы бүгін мұнай тиеуді қайта бастайды. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Ресейдің Новороссийск қаласына жақын орналасқан Южная Озереевкадағы КҚК теңіз терминалында мұнайды танкерлерге тиеу жұмыстары бір апталық үзілістен кейін қайта жанданады.

Еске салайық, бұған дейін терминалда мұнайды жөнелту уақытша тоқтатылған болатын. Reuters мәліметінше, тиеу жұмыстарының қайта басталуы қазақстандық мұнай экспортының қалыпты режимге оралуына мүмкіндік береді.

Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі әлемдік нарыққа экспортталады. Сондықтан терминалдағы кез келген іркіліс қазақстандық мұнай жеткізіліміне тікелей әсер етеді.