Костенко шахтасындағы апат: қауіптің алдын алды

Dalanews 03 мам. 2024 05:23 3483

Qarmet баспасөз қызметі шахтада орын алған штаттан тыс жағдай туралы хабарлайды.

02.05.2024 жылы көмір департаментіне қарасты Костенко шахтасының К3 қабатының 4 конвейерлік штрегінде түтін тарады

Түтіннің алдын-ала себебі төменгі кенептің ролигіне бөгде зат ұысылып қалған. Салдарынан ол тежеліп қалып, лента үйкелісі туындаған.

Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановтың күшімен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтін ошағы жойылды. Оқиға туралы Шахтер хабарлаған сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіне түтін туралы хабарлау жүйесі Қосымша іске қосылды. Сағат 19:45-те датчиктің сигналына байланысты түтіннің себебін жоюға қарамастан, эвакуациялау жоспарын енгізу және басқа жерлерде жұмыс істеп жатқан 194 кеншіні шығару туралы шешім қабылданды. Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша. 187 кенші жер бетіне шығарылды, учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін сол жерде қалды.

Жоспарлы эвакуациялау барысында КӘАҚҚ-ның 6 бөлімшесі, сондай-ақ облыстың ТЖД жеке құрамы тартылды. Барлық жедел қызметтер мен шахта қызметкерлері жедел және кәсіби түрде жұмыс істеді.

Мән-жайларды бағалау жүргізілгеннен кейін 4 ауысымның жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылданады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар