Оның сөзінше, бұл кезең "дельта" штамымен байланысты болып отыр.
"Пандемия басталғалы қала үш толқыннан өтті, қазір төртінші толқынға кіріп жатырмыз. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр. Соңғы аптаны алсақ, өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 1,4 есеге көбейді, 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті", - деді Бекшин.
23 шілдеден бастап індет жұқтырғандар саны күніне мың адамнан асты. Өткен тәулікте 1 470 адамға жетті.
Бекшиннің сөзінше, тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаяды.
"Қазір бар күшімізді халықты вакциналауға арнап жатырмыз. Қалада қазір вакцинаның бірінші компонентін вакцина рұқсат берілген тұрғындардың 35,2%-і салдырды. Қазір иммундық қабат 34%-ті құрайды", - деді Бекшин.
Бұған дейін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев 30 қыркүйекке дейін коронавирус жұқтырғандар санына байланысты болжам жасалғанын, соған сәйкес, ауру жұқтырғандар саны тамыздың алғашқы онкүндігінде шарықтайтынын айтты. Ол кезде тәулігіне 1 600 адамнан коронавирус инфекциясы анықталуы мүмкін.
10-11 тамызда тәулігіне 1 900-ге жуық адамнан инфекция табылуы мүмкін. Осылайша, тамызда 34 500 жағдай тіркеліп, қыркүйекте 4 500 жағдай тіркеледі деген болжам жасалды.
Дереккөз: sputnik.kz