Конституция туралы жалған ақпарат таратқан алматылық айыппұл арқалады

Dalanews 01 ақп. 2026 15:41

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған "жаңа Конституция жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және деректердің бұрмаланғанын атап өтті.

"Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және қолданыстағы Конституция талаптарына толық сәйкес келеді", – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жалған ақпарат таратудың деректеріне құқықтық баға берілген. Нәтижесінде Алматы тұрғыны кінәлі болып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove