Көлікті мас күйде айдаған жүргізуші сотталды

Көлікті мас күйде айдаған жүргізуші сотталды
ЖИ: Dalanews.kz

Мас күйінде көлік құралын қайта басқарған жүргізуші өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақмола облысының тұрғыны бұған дейін бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік құралының тізгініне отырған.

Сотта ол бұған дейін көп мөлшерде ұлттық сусын қымыз ішкенін түсіндірген. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Сотталушының кінәсін мойындағанын және оның жас балалары бар екенін ескере отырып, сот үкімімен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады, өйткені мұндай әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.