Көктөбе маңында бірнеше күнге газ беру тоқтайды

Көктөбе маңында бірнеше күнге газ беру тоқтайды
ZhigerGaz

Алматының Медеу ауданындағы кей аумақта 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

«QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясының мәліметінше, бұл жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосу жұмыстарына байланысты.

Газ Көктөбе шағынауданы, Достық даңғылы, Армянская және Тәттімбет көшелері аумағында уақытша өшіріледі.

Сонымен қатар жұмыс кезінде кей көшелерде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда, Ж. Омарова көшесінде Тәттімбет көшесі қиылысы маңында және Луганский көшесінде Армянская көшесінен әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Компания жаңа желілерді қосу бұл аудандағы газбен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратынын мәлімдеді.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралды.