Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған тұрғын сотталды

Көркем Алдабергенова 19 нау. 2026 10:39

Көкшетау қалалық сотында өзінің бүйрегін сатуға бағытталған заңсыз мәміле жасауға оқталғаны үшін тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылдың қаңтарында Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Хабарландыру жарияланғаннан кейін Көкшетау қаласының тұрғынынан ұсыныс түскен, ол заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға ерікті түрде жәрдемдесті.

2026 жылдың ақпанында тұрғын медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетау қаласына келген, алайда жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Сотта көкшетаулық өз кінәсін мойындап, бүйрегін сату туралы хабарландыруды материалдық қиындықтарға және алимент бойынша берешегінің болуына байланысты жариялағанын түсіндірді.

Жаза тағайындауда сот тұрғынның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, алименттік міндеттемелер бойынша берешегінің болуына байланысты ауыр материалдық жағдайын, сондай-ақ жасалған қылмыстың зиянды салдарының болмауын жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді.

Сот үкімімен көкшетаулық тұрғынға 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove