"Қазақмыс" Корпорациясының құрамына кіретін Қарағанды құю-машина жасау зауытының (КЛМЗ) ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайтынын ресми түрде жариялады. Жоба 2026 жылдың 15 наурызында жалпыұлттық референдумға шығарылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зауыттағы әр ауысым, әр бөлімше, әр қызметкер өндірістің тұрақты және тиімді жүруіне үлес қосатын болса, әр азамат та елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мемлекет күшті болуы үшін заң үстемдігі, ашықтық, әрадамның құқықтарын сыйлау және қоғам мүддесінің теңгерімділігі маңызды. Жаңа Конституция жобасы осы қағидаларды бекітіп, әділдік пен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сондай-ақ елдің тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
"Біз үшін референдум — жай рәсім емес. Бұл — өзазаматтық ұстанымымызды білдіру, елдің тұрақтылығы мен прогресін қолдаудың нақты мүмкіндігі. Мемлекеттің болашағы әр азаматтың жауапкершілігіне, белсенділігіне және маңызды мәселелерге көңіл бөлуіне байланысты", — деп атап өтті зауыт ұжымы.
Референдумға қатысу — әрбір азамат үшін елдің тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлес. Бұл тек реформаларды қолдаудың мүмкіндігі ғана емес, әрқайсымызға құқықтық және әлеуметтік негізді қалыптастырудағы маңызды процестің бір бөлігі болуға жол ашады. Жаңа Конституция болашақ ұрпақ өмірінің сапасын айқындайтын маңызды құжат.
КЛМЗ ұжымы өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп қана қоймай, "Қазақмыс" Корпорациясының негізгі құндылықтарын — жауапкершілік, адалдық және әр адамның ортақ іске қосқан үлесін де дәріптейді.
Ұжым барлық қазақстандықты белсенді болуға, референдумға қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырады. Бұл — әділдік, заңдылық және өзара сыйластыққа негізделген елдің болашағына үлес қосудың нақты мүмкіндігі.
