Американдық J.D.Power компаниясы автокөліктердің сенімділігін 33 жыл бойы бағалап келеді және әдістемесін үнемі жетілдіріп отырады, өйткені машиналар күрделеніп жатыр, жаңа жүйелер мен функциялар пайда болуда. Ағымдағы хаттамада тоғыз санатқа бөлінген 184 ықтимал проблема қарастырылған: микроклимат, жүргізуші көмекшісі, жүргізу тәжірибесі, экстерьер, қайталама эргономика (ажыратқыштар, экрандар, джойстиктер және т.б.), мультимедиа жүйесі, интерьер, күш агрегаты, орындықтар.
Сонымен қатар енді зерттеу 3 жыл иелік еткеннен кейін автокөлікке деген қанағаттану деңгейін және өндіруші тарапынан көлік құралдарының жақсы күйде сақталу сапасын ескереді (ең алдымен, бұл – бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту).
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, Kia маркалы автокөлік иелері проблемалардың бар екеніне аз шағымданған.
Ал Kia Sorento ірі орташа өлшемді SUV (кроссоверлер) сегментіндегі санаттар бойынша сенімділік рейтингісінің көшбасшысы атанды.
2022 жылғы зерттеу 2021 жылдың шілдесі мен қарашасы аралығында жүргізілген 3 жылдық америкалық автокөлік иелерінің қатысқан 29 487 сауалнамасына негізделген (яғни, 2019 жылы сатып алынған) және иелері тап болған мәселелердің санын тіркейді. Олардың жауаптарынан 100 машинаға шаққанда анықталған проблемалардың санын көрсететін PP100 рейтингі жасалады. Егер бұрынғы зерттеуде автокөлік иелері соңғы 12 айда тап болған проблемалар тіркелсе, жаңа әдіс бүкіл иелік ету мерзімін ескереді.
Қазақстан нарығында ұсынылған Kia автокөліктері, олардың жабдықталымдары мен бағалары туралы толық ақпаратты kia.com.kz сайтынан алуға болады.
Қазақстандағы Kia-ның ақпараттық желісі: 555 (қоңырау шалу тегін).