Бүгінде аталған байланыс түрі өзінің тиімділігін көрсете бастады. Қазірдің өзінде Whatsapp мессенджеріне тұрғындар тарапынан жалпы саны 208 сұрақ келіп түскен. Оның 49-на жауап беріліп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігін инфрақұрылымдық мәселелер құрап отыр. Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи газ, 7 тұрғын ауыз су, 34 азамат тұрғын үй кезегін, 10 азамат электр энергиясына қатысты мәселе айтып, шағымданған. Сондай-ақ, 24 азамат жол қиындығын көтерсе, 14 тұрғын қоғамдық көлікке қатысты, 12 азамат қоқыс мәселесі жөнінде шағымын жеткізген.
Арыз-шағым түсіргендердің басым көпшілігін Шымкент қаласының тұрғындары құрап отыр. Мәселен, келіп түскен 208 сұрақтың 137-сі облыс орталығының тұрғындарына тиесілі болып шықты. Екінші орында 8 сауал жолдаған Төлеби ауданының тұрғындары тұр.
Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдауға дайындау үстінде. Еске салайық, облыс тұрғындары арыз-шағымдары бойынша мына көрсетілген + 7 702 198 53 23 ұялы телефон нөміріне тіркелген WhatsApp Messenger-ге сауалдарын жолдауына болады.