Freedom Inside '26

Кентауда қоқыс жәшігінен сәби өлі табылды

Кентауда қоқыс жәшігінен сәби өлі табылды
Түркістан облысы ПД

Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл дерек бойынша қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ, жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажет тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатыны айтылды.