Кентауда психолог-педагогтар басқосты

Dalanews 12 жел. 2018 10:23 1045

Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп базасында емтихан кезіндегі қобалжулардың алдын алу бойынша «Сіз деген – әдеп – біз деген көмек» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – емтихан кезіндегі оқушылардың қобалжуларының алдын алу болып табылады. Жоғары сынып оқушылары арасында педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету, өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру, жағымсыз ойлардан арылту, жағымды көңілді күй қалыптастыруды көздейді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге тиімді дайындалуға көмек көрсету. Семинарға жалпы мектеп педагог психологтары, педагогтар, ата-аналар, оқушылар және білім бөлімінің психология саласы бойынша әдіскері Нүрипа Күзембаева қатысты.

Семинар барысы мектеп оқушыларының әсерлі қазақша биімен ашылды. Мектеп басшысы Н.Балтаев семинардың бағдарламасымен таныстырып келген педагог психологтарды, қонақтарды тренинг сабақтардың өтілетін ережесімен таныстырды. Ал білікті психолог маман Салтанат Өмірбаева

«ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында баяндамасын оқыды. Айсұлу Қойлыбаева «Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен,тарихта ең ұлы істің бірі» тақырыбында тренинг сабақ жүргізіп психологиялық кеңестер берді. Ата-аналармен Молда мұса мектебінің педагог психологы Гүлназ Даниярова «Балаға үміт арты – әкенің қарызы, ақтау – баланың парызы» тақырыбында ток-шоу өткізіп ата-аналарға әсерлі ой тастап, кеңестер берді.

11 сынып оқушыларымен А.Югнаки мектебінің педагог психологы Гүлмира Мәуленова тренигтермен, постерлер қорғау жұмыстарымен ерекше көңіл күй сыйлады. Ең қызықтысы А.Югнаки жалпы орта мектеп педагог психологы Данияр Салиханов жалпы келген қонақтармен арт терапиясы және би терапиясына қатысты түрлі жаттығулар жасағаны болды. Мектеп базасына және әкімшілігіне ризашылықтарын білдірген қонақтар «Екі тілек бір жүрек» арқылы жылы лебіздерін білдірді. Алдағы уақытта семинар жалғасын табады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар