Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі №9Б және Уәлиханов көшесіндегі №136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Қонаев көшесіндегі №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүруде. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер, 3 бөлмелі – 30 пәтер бар.
Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталуда. Пәтер саны – 600, жалпы ауданы – 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылға өтпелі.
Айта кетерлігі, Кентау қаласында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 7294 шаршы метр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі