Кентау (Бүргем) қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына (Сақиналау) – 353,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды.
Кентау (Бүргем) қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына (1 кезең) – 600,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Нысан 2019 жылға өтпелі.
Кентау (Бүргем) қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына (3 кезең) - 50,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Нысан 2019 жылға өтпелі.
Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына–30,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Нысан 2019 жылға өтпелі.
Кентау қаласы Қарнақ, Құшата, Байылдыр ауылдарын газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2,3 млн.теңге қаржы бөлініп, ЖСҚ әзірленді.Сонымен қатар, Хантағы, Қарнақ, Құшата және Байылдыр ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан өткізуге23,4 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыс жобалары 2019 жылға өтпелі.
Ескі Иқан ауылдық округі Ескі Иқан елді мекенін газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына 155,6 млн.теңге қаржы бөлініп, 102,4 млн.теңгесі игерілді.
Үшқайық ауылдық округі, Теке, С.Қожанов, Нұртас, Жалаңтөс елді мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысына 5,0 млн.теңге бөлініп, мердігер ӨК «Қанай» келісім-шарт түзілді.