Кентау қаласы полиция бөлімінің есеп беру жиыны өтті

Dalanews 29 қар. 2018 09:07 1063

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының үшінші тармағында: «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады» деп аталған болатын.

Осы орайда, 2018 жылдың 21 қараша күні Түркістан облысы Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының мәжіліс залында ағымдағы жылдың 10 айында Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлермен атқарған жедел жұмыстарының қорытындысы туралы халыққа есеп беру жиыны өтті.

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев төрағалық еткен жиынға Кентау қаласының прокуроры Т.Сейдуалиев, Кентау қалалық маслихат хатшысы Т.Балабиев, Түркістан облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғ.Есімов, Байылдыр, Қарнақ, Қантағы елді мекендерінің және қала тұрғындары, Бөлім бастығының орынбасарлары және жеке құрам қызметкерлері. Жиынға жалпы 170 жуық адам қатысты. Жиында Кентау қаласы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тасполатов Ерлан Нұрғалиұлының баяндамасы тыңдалды. Жиынға қатысушылардың тараптарынан сұрақтар қойылып, жауап берілді. Сонымен қатар, жиында айтылған ұсыныстардың орындалуы Кентау қаласы полиция бөлімінің басшылары мен елді мекендердің әкімдеріне бақылауға алынды.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар