Кенесары есімін қойған сәбиге 400 мың теңге берілмек

Самал Асқар 13 ақп. 2026 19:31

«Аламан» компаниясы наурыз айында дүниеге келіп, есімі Кенесары деп қойылған алғашқы 10 сәбиге 400 мың теңгеден жөргекпұл беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Компания өкілінің әлеуметтік желідегі жазбасында ата-аналар баланың туу туралы куәлігін WhatsApp арқылы жолдауы қажет екені көрсетілген. Сыйақы Кенесары есімі қойылған және наурыз айында туған алғашқы он балаға беріледі.

Жазба авторы бұл бастаманы тарихи тұлға Кенесары ханның есімін ұлықтаумен байланыстырған. Оның айтуынша, Кенесары – азаттық жолында күрескен батыр, сондықтан есімді жаңғырту – ұлттық рухты қолдау.

Әзірге бастаманың нақты шарттары мен қаражаттың берілу тәртібі туралы қосымша ресми түсіндірме жарияланған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove