Кеңес Рақышев Астанада жаңа тау-кен компаниясын тіркеді

Кеңес Рақышев Астанада жаңа тау-кен компаниясын тіркеді
inbusiness.kz

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев 1 қыркүйекте Астанада Fincraft Minerals Ltd. атты жаңа компанияны тіркеді. Компанияның жалғыз акционері ретінде Кеңес Рақышев көрсетілген, деп хабарлайды dalanews.kz bes.mediа-ға сілтеп.

Компанияның негізгі қызмет түрі - холдингтік компаниялардың қызметі. Жарғылық капиталы - 1 миллион теңге. Ал жаңа компания қандай пайдалы қазбаларды немесе кен орындарын игеретіні әзірге белгісіз.

Компаниядағы CEO, директор, хатшы және уәкілетті қол қоюшы қызметтерін Кирилл Довганюк атқарады. Ол бұған дейін Кеңес Рақышевтың Treasure Limited компаниясын да басқарған. 2025 жылы бұл компания "Тау-Кен Самұрықпен" бірге Zhetysu Gold Limited бірлескен кәсіпорнын құрған.

Айта кетейік, Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша Кеңес Рақышев 2026 жылы Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер арасында 27-орында тұр. Оның байлығы 402 миллион долларға бағаланған.